Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Вена қаласында Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы өтті

Вена қаласында Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы өтті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Австрия Республикасының Вена қаласында Экономикалық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында тараптар көлік, өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және экологиялық технологиялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайтуға ерекше назар аударылды.

Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының негізгі бағыттарының бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) стратегиялық маңызы, сондай-ақ жүк ағынын одан әрі ұлғайту және мультимодальды тасымалдарды дамыту әлеуеті атап өтілді.

Қазақстан тарапының австриялық компанияларды бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға тартуға, көлік саласына заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізуге мүдделі екені атап өтілді.

Тараптар практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның 13-отырысының хаттамасына қол қойылды. Құжатта қол жеткізілген негізгі уағдаластықтар мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бекітілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды