Алматыда №138 мектептің күрделі жөндеуі аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының Көктем шағын ауданында орналасқан №138 мектептің күрделі жөндеуден өткен ғимаратын көріп қайтты.1989 жылы салынған мектептің ғимаратында сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп, инженерлік жүйелер жаңартылды, сондай-ақ қасбет пен шатыр жөнделді.

Жаңартылған мектеп биология, химия, робототехника және информатика кабинеттерімен жабдықталып, интерактивті тақталар орнатылды. Екі спортзал, акт залы, футбол алаңы мен спорт алаңы да жаңартылды. Мектепке бейнебақылау камералары мен бет-әлпетті танитын турникеттер орнатылды.Мектепте 797 оқушы білім алады. Ерболат Досаев II тоқсанға дейін мектепті
Kitap.kz цифрлық кітапханасына қосып, оқушыларға 6000-нан астам көркем әдеби шығармаларды электронды және аудиоформатта қолжетімді етуді тапсырды.Сонымен қатар, қаланың Зерделі шағын ауданында 550 орындық жаңа мектеп салынып, тағы 6 мектепте қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно