Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда білім беру нысандары техникалық тұрғыдан ашылды

Алматыда білім беру нысандары техникалық тұрғыдан ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Медеу ауданында бірден екі білім беру мекемесі техникалық тұрғыдан ашылды. №195 жаңа балабақша және қайта жаңғыртудан өткен №99 жалпы білім беретін мектеп оқу-тәрбие үдерісін бастауға толық дайын, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

№195 балабақшаның аумағы толық абаттандырылған: ғимараттың айналасына асфальт төселіп, қарағай, шетен, мамыргүл, үшқат, күміс жиде, көгал шөбі отырғызылған, ырғайдан жасалған бұталы қоршау бар. Балалар үшін резеңке жабындысы бар жайлы беседкалар, шағын сәулеттік нысанлары бар ойын алаңдары салынған.

Аумағы 1 950 шаршы метр болатын екі қабатты балабақша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға арналған, сыйымдылығы – 140 орын, оқыту тілі – қазақ тілі.

Екі қабатта әртүрлі жас топтарына арналған топтық бөлімдер орналасқан. Әр топтың жанында киім шешетін бөлме, жатын бөлме, буфет және санитарлық торап қарастырылған. Қосымша сабақтар музыкалық залда өткізіледі.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін негізгі кіреберісте пандустар орнатылған, арнайы тұтқалармен жабдықталған санитарлық торап бар. Балалардың жүріп-тұру аймақтары тактильді жолақтармен, ал қозғалыс бағыттары арнайы құралдармен жабдықталған.

Балабақшада психолог, логопед кабинеттері және әдістемелік кабинет бар. Ас блогы жүктеу аймағы мен ас көтергіші бар жеке кіреберіспен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ медициналық блокта тамбур, қабылдау бөлмесі, дәрігер кабинеті, емшара, физиотерапия кабинеті және санитарлық торап орналасқан.

Осы күні 1963 жылы салынған №99 мектептің де техникалық ашылуы өтті. Аталған білім ордасында соңғы күрделі жөндеу 20 жыл бұрын жүргізілген. Өткен жылы ауқымды қайта жаңғырту және бастауыш сынып оқушыларына арналған, 250 балаға есептелген 3 қабатты қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданған.

Қазіргі уақытта мектеп аумағы толық абаттандырылып, боз арша мен қайың көшеттері отырғызылған. Оқушылар үшін спорт стадионы салынған.

Мектеп ғимараты 520 орынға есептелген. Қосымша сабақтар музыкалық аспаптармен толық жабдықталған музыка кабинетінде өтеді. Онда домбыра, дауылпаз, асатаяқ, тұяқтас, шаңқобыз, пианино, баян, кастаньет, ксилофон, маракас сынды аспаптар бар.

Мектепте химия, физика, биология кабинеттері, спорт залы, көркем еңбек кабинеті (ұлдар мен қыздарға арналған) және 100 орындық акт залы жұмыс істейді.

Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінген: өрт қауіпсіздігі жүйесі енгізіліп, арнайы хабарлау датчиктері орнатылған, ғимаратта сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілген. Жертөле бөлігінде су өлшеу және жылу тораптары, желдету камерасы мен электр қалқаны орналасқан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті