Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы мектептердің бірінде 550 орындық жаңа оқу корпусы ашылды

Астанадағы мектептердің бірінде 550 орындық жаңа оқу корпусы ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы Көктал шағын ауданында орналасқан №41 орта мектепте 550 орындық жаңа оқу корпусы ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

№41 мектеп осыдан 56 жыл бұрын салынған. Жобалық қуаты 460 орын болғанына қарамастан, әр жылдары мұнда 1300-ден 1500-ге дейін бала білім алған.

Биыл 1 қыркүйекте мектепте ауданы 7148 шаршы метр болатын үш қабатты жаңа корпус ашылды. Сонымен қатар ескі ғимаратқа толық жөндеу жүргізілді. Қазір онда 1-4 сынып оқушылары білім алады. Олар үшін жеке асхана мен арнайы оқу алаңдары қарастырылған.

«Биыл жазда ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді, барлық кабинет талапқа сай жабдықталып, жаңа жиһаздар сатып алынды. Онда бастауыш сыныптар орналасты. 1-4 сынып оқушылары бөлек білім алады, олардың жеке асханасы және жаңа корпусқа өтетін жолы бар», – деді мектеп басшысы.

Жаңа ғимаратта 5-11 сынып оқушылары білім алады.Жаңа корпуста 23 оқу кабинеті жабдықталған. Оның ішінде екі информатика кабинеті, робототехника кабинеті және STEM зертханасы бар. Оқу тәжірибесіне арналған кабинеттерге токарь және лазерлік станоктар, 3D-принтер, роботтар мен квадрокоптер қойылған. Қыз балалар үшін тігін және аспаздық кабинеттері жабдықталды. Сонымен қатар физика, химия және биология пәндеріне арналған мамандандырылған кабинеттер жаңартылып, толыққанды медициналық блок құрылды.

Оқу процесіне цифрлық технологиялар да енгізіліп жатыр. Мәселен, мектеп «Бозоқ» ұлттық музейімен бірлескен жоба аясында 3D көзілдіріктердің көмегімен виртуалды тарихи экскурсиялар өткізуді жоспарлап отыр.

Мектепте 25 педагогтың авторлық әзірлемелері бар, ал ұжымның 35 пайыздан астамы сарапшы және зерттеуші мәртебесіне ие. Барлық мұғалім жасанды интеллект бойынша курстардан өткен. Мектепті дамытудың жаңа бағдарламасында үш негізгі бағыт белгіленген. Олар – функционалдық сауаттылық, жасанды интеллект және білім алушылардың оқуындағы олқылықтарды зерттеу. Сабақ сапасын арттыру үшін Lesson Study технологиясы, яғни сабақтарды бірлесіп жоспарлау және талдау әдісі қолданылады.Бұдан бөлек, мектепте жаңа спорт залы ашылды. Бұған дейін мектептің гандбол командасы Қазақстан чемпионатында қола жүлдеге ие болған. Жаңа жағдай спорттағы нәтижелерді одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.

«Алдағы 3 жылдағы басты мақсатымыз – жаңа мүмкіндіктерді сабақ сапасын арттыруға пайдалану. Өйткені олимпиада жеңімпаздары мен болашақ зерттеушілер тек тиісті жағдай жасалған ортада қалыптасады», – деп қорытындылады Асия Сыздықова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасына сәйкес 1300 мектепті жаңғырту аясында Астанада 2025-2027 жылдарға арналған 22 білім беру ұйымын жаңарту жоспары бекітілді. Қазірдің өзінде 9 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді, тағы 13 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен қатар оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін 7 мектептің жанынан қосымша оқу корпустары салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді