Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жаңа оқу жылында 9 жаңа білім беру нысаны ашылды

Астанада жаңа оқу жылында 9 жаңа білім беру нысаны ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада жаңа 2026-2027 оқу жылында оқушыларға қолайлы жағдай жасау жұмысы жалғасып жатыр. Биыл №13, №41, №72, №73, №79, №82 және №86 мектептер жанынан жеті қосымша оқу ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар екі жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа ғимараттар заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда оқу кабинеттері, асханалар, спорт залдары және балаларға арналған коворкинг аймақтары қарастырылған.

Әр ғимараттың сыйымдылығына қарай екі ауысымда 1000-нан 1200-ге дейін бала білім ала алады. Қосымша оқу ғимараттарының ашылуы негізгі мектеп корпустарына түсетін жүктемені азайтып, оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы жаңа оқу жылында Астанадағы 206 орта білім беру ұйымында 337 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Биыл шамамен 33 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Мектеп инфрақұрылымын кеңейту – елордадағы басым бағыттардың бірі. Соңғы жылдары қалада жалпы сыйымдылығы 100 мыңнан астам оқушы орны бар 44 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның 23-і «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.

Жаңа нысандар салумен қатар, оқу жылына дайындық аясында 38 білім беру ұйымында жөндеу жүргізілді. Барлық білім беру нысаны алдағы жылыту маусымына дайындық жұмысын аяқтап, дайындық паспорттарын алды.

Жаңа оқу ғимараттарының ашылуы білім беру үдерісін ұйымдастыруға қосымша мүмкіндік беріп, балалар үшін қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи оқу ортасын қалыптастыруға жағдай жасайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді