Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-ның Ақсай қаласында жаңа мектеп пайдалануға берілді

БҚО-ның Ақсай қаласында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында №1 жалпы орта білім беретін мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Нысан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамытуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

«Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – аса маңызды мемлекеттік міндет. “Келешек мектептері” жобасы – өскелең ұрпаққа жасалып отырған нақты әрі жүйелі қолдау. Бұл мектеп жаңа дәуірге лайық, бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеуге қызмет етеді», – деді өңір басшысы.

Ақсай қаласында 58 мыңға жуық тұрғын бар. Бұған дейін №1 мектеп 1953 жылы салынған, жобалық қуаты 450 орынға есептелген ескі ғимаратта орналасып, апатты жағдайда болған. Жаңа мектептің іске қосылуы қаладағы апатты білім беру нысаны мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Жаңа ғимарат 300 орынға есептелген. Мектеп екі қабатты, жеті блоктан тұрады. Оның үш блогы бастауыш сыныптар мен мектепалды даярлық топтарына арналған. Дене шынықтыру-сауықтыру нысандары жеке блокта орналасқан. Екінші қабатта кітапхана, 110 орындық акт залы, хореография залы, STEM зертханасы, IT сынып, мұғалімдер бөлмесі және бірнеше коворкинг аймақтары қарастырылған.

Мектепте барлығы 28 оқу кабинеті бар, олардың барлығы интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар, бейнелеу өнері, графика және жобалау, дизайн және технология, тамақтану мәдениеті, үй мәдениеті кабинеттері, екі информатика кабинеті және 110 орындық асхана жұмыс істейді.

Мектеп аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы, футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары салынған.
Жаңа мектеп Ақсай қаласындағы оқушыларды қауіпсіз әрі заманауи оқу орнымен қамтамасыз етіп, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік нысанға айналды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті