Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай Семей қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта нысанда шатырды орнату, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары, жылыту мен желдету жүйелерін, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін орнату, сондай-ақ электр монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде жолаушылар үшін уақытша қызмет көрсету пункттері ұйымдастырылған.

Тексеру барысында орындалып жатқан жұмыстардың сапасына және белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Елдос Нестай жұмыстардың қарқынын барынша жеделдетіп, оларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ вокзал ғимаратындағы ішкі жұмыстар мен оған іргелес аумақты абаттандыру шараларын қатар және кешенді түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді. Бұл ретте жаңартылған вокзал мен оған іргелес аумақтың заманауи талаптарға сай болуына және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауына ерекше назар аудару қажет.

Семей қаласындағы вокзалды қайта жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан теміржол вокзалдары инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама аясында еліміз бойынша 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда, оның 10-ы Абай облысында орналасқан.

Өңірде Ауыл, Белағаш, Дегелең, Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл станцияларындағы теміржол вокзалдары толық жаңартылып, пайдалануға берілді.

Жолаушылар инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қолайлы жағдай жасауға және теміржол инфрақұрылымы нысандарын заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
8 комментариев
  • Chante
  • 26-10-2026, 03:46
  • : 03:46
References: Highest paying payid pokies australia https://shareshortcuts.com/u/rifletyvek67
  • Dean
  • 27-10-2026, 08:52
  • : 08:52
References: Low deposit casino neosurf australia gm6699.com
  • Tracy
  • 27-10-2026, 19:40
  • : 19:40
References: Wire transfer casino welcome bonus Australia wire transfer casino minimum deposit Australia
  • Lois
  • 28-10-2026, 01:59
  • : 01:59
  • Jenna
  • 28-10-2026, 22:35
  • : 22:35
References: BPay live casino Australia https://codimd.pirati.cz/PQ-TJTAwQV2BiWQcCZmjdA
References: Payid pokies no KYC payid pokies fast payout
References: Welcome bonus MiFinity casino AU minimum deposit MiFinity pokies Australia
  • Nina
  • 30-10-2026, 12:55
  • : 12:55
References: Best online casinos with wire transfer payment https://chesswiki.site
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды