Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Қала күніне орай биіктігі 3,5 метрге дейін жететін ағаштар мен ерекше өсімдіктер егіледі

Алматыда Қала күніне орай биіктігі 3,5 метрге дейін жететін ағаштар мен ерекше өсімдіктер егіледі
Фото: pixabay.com

Алматыда Қала күніне орай 32 түрге жататын 1,5 мыңға жуық жаңа өсімдік егіледі. Қалаға биіктігі 3,5 метрге дейін жететін ірі ағаштар, сәндік пішін берілген қылқанжапырақты ағаштар, діңі қалыптастырылған өсімдіктер, бұталар мен гүлдейтін көпжылдық өсімдіктер жеткізілді. Бұл жөнінде Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың арасында бұтақтары бірнеше деңгейлі етіп қалыптастырылған ересек ағаштар ерекше көзге түседі. Кейбіріне бақ бонсайы стилінде сәндік пішін берілген. Ағаштардың айрықша пішіні алдын ала қалыптастырылып, кейін өскен сайын сақталып отырады.

Өсімдіктердің қатарында үнді лагерстремиясы, қара қарағай, шашақты гортензия, раушан, бөріқарақат, күңгірт қызылкүрең, сәлбен, нарқайсар және басқа да сәндік өсімдіктер бар.

Алматыға арналған өсімдіктердің түрлері қытайлық мамандармен бірлесіп іріктелді. Өсімдіктерді таңдаудан бұрын қаланың климаттық ерекшеліктері, температураның ауытқуы және қыстап шығу жағдайлары зерттелді. Соның нәтижесінде жергілікті климатқа бейімделу мүмкіндігі ескеріліп, қолайлы өсімдік түрлері мен сұрыптары таңдалды.

Жақында жаңа өсімдіктерді қала аумағына отырғызу жұмыстары басталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді