Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды

Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Көктөбе саябағында аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткейдің көріктендіру жұмыстары аяқталды. Алматы қаласының Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ауқымды көгалдандыру және көркейту нәтижесінде мұнда серуендеуге арналған бағыттар, шолу алаңдары мен Алматының көркем көрінісі ашылатын жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның басты ерекшелігі – гүлдеу кезеңінде тау бөктеріне ерекше көрік беретін лаванда террасалары. Мұнда ерте көктемнен күз соңына дейін сәнін жоғалтпайтын 20-дан астам көпжылдық өсімдік, сәндік бұта мен астық тұқымдас өсімдіктер егілген. Ландшафтық композицияны гортензия, тобылғы, шатыраш, көкжалбыз (котовник), қызылкүрең және сәндік астық тұқымдас өсімдіктер толықтырады.

Жобаны іске асыру барысында табиғи жер бедерін сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Беткейлер эрозиядан қорғау үшін габион құрылымдарымен бекітіліп, келушілердің жайлы серуендеуі үшін табиғи ландшафтпен үйлесімді кіріктірілген жүргінші жолдары, баспалдақтар және шолу алаңдары салынды.

Жаңа қоғамдық кеңістік келушілер үшін ашық. Гүл композициялары саябақтың әр тұсынан анық көрінеді, ал серуен бағыттарынан Алматы қаласы мен Іле Алатауының әсем көрінісі ашылады. Жаңа гүлді беткей табиғат пен заманауи ландшафтық дизайн үйлесім тапқан қаланың көрікті орындарының біріне айналды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді