Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» аясында сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейтілуде

Алматыда «Таза Қазақстан» аясында сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейтілуде
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала аумақтарын сәндік-гүлді көгалдандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қаланың экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылы сәндік гүлмен көгалдандырудың жалпы аумағы 387 953 шаршы метрді құрайды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 77%-ға артық. Оның ішінде 107 836 шаршы метрі (28%) біржылдық гүлзарлар, ал 280 117 шаршы метрі (72%) көпжылдық гүлзарлар мен гүлдейтін бұталарға тиесілі. Сонымен қатар, 9 844 тік көгалдандыру элементін орналастыру көзделген.

Гүл композициялары жаяу жүргіншілер аймақтары бойында, магистральді көшелерде, сондай-ақ саябақтар мен скверлер аумағында отырғызылады. Бағдарлама қаланың барлық аудандарын қамтып, қалалық ортаны көгалдандыруға бірыңғай тәсіл қалыптастыруға бағытталған.

Жеке бағыт ретінде көлік айрықтарын, магистральді көшелер мен жолдардың бөлу жолақтарын тік көгалдандыру жұмыстары қарастырылған. Бұл қалалық инфрақұрылымның көрнекі сапасын және экологиялық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Отырғызу жұмыстары аясында біржылдық көшеттерден гүлзарлар жасау, раушан бақтарын қалыптастыру, сәндік-гүлді бұталар отырғызу, қызғалдақ егу, сондай-ақ қажетті күтім жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді