Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда күзгі көріктендіру және гүлзарларды қысқа дайындау жұмыстары басталды

Алматыда күзгі көріктендіру және гүлзарларды қысқа дайындау жұмыстары басталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы қала аумағында күзгі маусымдық жұмыстар басталғанын хабарлады. Қазір біржылдық гүлдерді — тагетис, цинерария, бегония және петунияны жинау жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір біржылдық гүлдердің гүлдеу кезеңі аяқталып, сәндік келбеті солғын тартқан, қыстың суығына төтеп бере алмайды. Олардың орнына гүлзарларға қызғалдақ пиязшықтары отырғызылып, көктемде қала көшелерін түрлі-түсті әсем гүлдерімен көмкермек.

Көпжылдық өсімдіктерді де қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жүріп жатыр: өсімдіктің жер бетіне шығып тұрған сабағы кесіліп, қыстан аман шығуы үшін топырақпен жабылып, күтім жасалып жатыр.

2025 жылы Алматы қаласында сәндік-гүлді көгалдандыру аумағы 219 639 шаршы метрге жетпек. Оның ішінде 77 386 шаршы метрі (36%) — біржылдық гүлдер, ал 142 253 шаршы метрі (64%) — көпжылдық өсімдіктер, соның ішінде өткен жылдары егілген түрлері бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады