Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада әскери жиындар мен арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Астанада әскери жиындар мен арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана аумақтық қорғаныс бригадасы (99255 әскери бөлімі) ауқымды әскери жиындар мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығулар 7-16 қыркүйек аралығында ұйымдастырылды. Іс-шаралар әскери және жұмылдыру даярлығын арттыруға, әскери міндеттілердің білімі мен дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау кезінде алған практикалық тәжірибесін бекітуге бағытталды.

Жиындар мен оқу-жаттығулар Ақмола облысы Аршалы ауданының Арнасай ауылындағы Вячеслав су қоймасының аумағында өтті.

Оқу-жаттығулар мен әскери жиындарға барлығы 102 әскери міндетті қатысты. Өзара іс-қимыл мен ведомствоаралық үйлестіру жұмысына мына құрылымдар жұмылдырылды:
1. Астана қаласы әкімдігінің Жұмылдыру даярлығы басқармасы;
2. Полиция департаменті;
3. Төтенше жағдайлар департаменті;
4. Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы;
5. Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы;
6. Ұлттық ұлан.

Оқу-жаттығудың шарықтау шегі 15 қыркүйекте өткен үшінші кезең болды. Белсенді кезең барысында қатысушылар маңызды инфрақұрылым нысандарын күзету және қорғауға қатысты негізгі міндеттерді пысықтады. Әскери міндеттілер қойылған міндеттерді орындау кезінде өзара үйлесімді әрекет етіп, жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби шеберлігін көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді