Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аумақтық қорғаныс: елордада әскери міндеттілерді қалай даярлайды

Аумақтық қорғаныс: елордада әскери міндеттілерді қалай даярлайды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы 68665 әскери бөлімінің дала лагерінде елорданың аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілермен оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиындар Астана әкімдігі мен Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бірлесуімен 2025/2026 оқу жылына арналған Қарулы Күштерді дайындау жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Олар 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Мақсат – әскери және жұмылдыру дайындығын арттыру, командалық әрі үйлестіру іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ төтенше немесе әскери жағдай кезіндегі ықтимал жағдайларға әскери міндеттілерді даярлау. Жиындарға 90 әскери міндетті қатысуда. Оның ішінде 17 запастағы офицер, 15 сержант және түрлі әскер түрлерінде қызмет еткен 58 сарбаз бар. Әскери міндеттілер халықты, стратегиялық маңызды нысандар мен коммуникацияларды ықтимал қатерлерден, соның ішінде диверсиялар мен террористік актілерден қорғау бойынша тапсырмаларды меңгеруде.Бүгінге дейін Астананың аумақтық қорғаныс бригадасы 1 200-ден астам әскери міндетті дайындады.

Аумақтық қорғаныс бөлімшелері еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді және төтенше жағдай немесе әскери жағдай енгізілген кезде жедел түрде жұмылдырыла алады. Жүйелі түрде оқу-жаттығулар, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары және бригада командалық құрамымен жаттығулар өткізіледі. Бұл аумақтық қорғаныс күштерінің жоғары дайындық деңгейін және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бұл жиындар – жай ғана әскери дайындық емес, әскери міндеттілер арасында бірлікті, үйлесімділікті және жауапкершілікті нығайтудың құралы. Әрбір қатысушы ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі өз рөлінің маңызын түсінеді. Мұндай шаралар азаматтардың кез келген қатер жағдайында әрекет етуге дайын болуының кепілі», – деді Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының жұмылдыру даярлығы бөлімінің басшы орынбасары Талғат Сейітхан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті