Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан әскери қызметшілері «Қанжар-2023» оқу-жаттығуының бірінші кезеңін өткізді

Қазақстан мен Өзбекстан әскери қызметшілері «Қанжар-2023» оқу-жаттығуының бірінші кезеңін өткізді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

2-5 тамыз аралығында Ташкент облысының Шыршық қаласындағы Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерін модельдеу ғылыми-зерттеу далалық оқу орталығының базасында «Қанжар-2023» бірлескен жедел-тактикалық компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2023 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өткен оқу-жаттығуға 18 қазақстандық әскери қызметші қатысты.

Сапар барысында қазақстандық әскери делегация Модельдеу ғылыми-зерттеу далалық оқу орталығының, сондай-ақ Шыршық жоғары танк командалық-инженерлік училищесінің оқу-материалдық базасымен танысты.

Компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығулар – әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын жетілдірудің перспективалық бағыты. Мұндай әдіс күштер мен құралдарды қолдану нұсқаларын модельдеуге мүмкіндік береді.

Киберкеңістікте жауынгерлік міндеттерді пысықтағаннан кейін Маңғыстау облысының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында «Қанжар-2023» оқу-жаттығуының екінші кезеңі басталды, ол 12 тамызда аяқталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді