Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада аумақтық қорғаныс жиындары өтті

Астанада аумақтық қорғаныс жиындары өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада аумақтық қорғаныс бригадасының жиындары өтті. Оған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Максим Рожин мен Самат Нұртаза қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Депутаттар елордалық аумақтық қорғаныс бригадасының қызметімен танысты. Іс-шара Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған әскери жиындар аясында Теміржолшылар тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында өтті.Халық қалаулылары жауынгерлердің тұрмыстық жағдайын, оқу сыныптарын көріп, әскери міндетті азаматтармен сұхбаттасты.Бригада командирі, полковник Омар Орынбаев бөлімшенің міндеттері туралы айтып, әскери нысандарды күзету бойынша тактикалық жаттығу жұмыстарын көрсетті.

«Парламентте біз аумақтық қорғаныс туралы заңның жаңа редакциясын әзірлеп жатырмыз. Онда «өзін-өзі қорғау құрылымы», «ерікті» және «аумақтық қорғаныс нысаны» ұғымдары қарастырылған. Бұл азаматтық тұлғалардың қатысуымен елдің қорғаныс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», — деді депутат Максим Рожин.

Депутаттар Астана қаласы әкімдігі мен бригада командалығына үйлесімді жұмыс пен ел қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді