Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада запастағы офицерлер мен сержанттар үшін кезекті жоспарлы әскери жиындар басталды

Астанада запастағы офицерлер мен сержанттар үшін кезекті жоспарлы әскери жиындар басталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы 68665-әскери бөлімінің базасында елорданың Қорғаныс істері департаменті шақыртқан 100 запастағы офицер мен сержанттың кезекті жоспарлы оқу-жаттығу әскери жиындары басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиындар 14-23 мамыр аралығында жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр. Олардың мақсаты – әскери білімді жаңарту мен жетілдіру, қажетті әскери даярлық деңгейін және тәжірибелік дағдыларды сақтау, сондай-ақ әскери міндеттілердің жауынгерлік қолдануға дайындығын қамтамасыз ету.Жиын барысында әскери міндеттілер мына тақырыптар бойынша дайындықтан өтеді: «Мобилизациялау және күзет ротасын жоғары жауынгерлік дайындыққа келтіру. Жауынгерлік үйлесімділікті ұйымдастыру және өткізу. Әскери және мемлекеттік маңызы бар нысандарды қорғау және күзету жұмыстарын ұйымдастыру».

«Жиынға барлығы 100 офицер мен сержант қатысып жатыр. Астанадағы меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары әскери жиындарға шақырылған қызметкерлерінің келуін қамтамасыз етті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әскери жиындар кезеңінде олардың жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтаған әскери міндеттілерге кезекті әскери шендер беріледі», – деді Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Фархат Құрманғазинов.

Салтанатты шығарып салу барысында аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Омар Өренбаев пен Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы полковник Ғани Артықов құттықтау сөз сөйледі.Сондай-ақ, әскери жиынға шақырылған белгілі әнші әрі ақын, запастағы аға лейтенант Ескендір Ибрагим авторлық әні «Көк тудың желбірегенін» орындады. Гиннестің рекордтар кітабына енген танымал блогер, спортшы Тимур Спатаев күштік спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырып, салмағы 25 кг болатын қылышпен өнер көрсетті әрі қолымен аттың тағасын иіп, шеберлік сабағын өткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді