Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың Алматы ауданында 200 мыңнан астам ағаш пен гүл отырғызылды

Елорданың Алматы ауданында 200 мыңнан астам ағаш пен гүл отырғызылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Елорданың Алматы ауданында қалалық ортаны жақсарту және абаттандыру сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Негізгі бағыттарға аулаларды жаңарту, инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру, қоғамдық кеңістіктерді жөндеу, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау жұмысы кіреді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аудан аумағында барлығы 300-ден астам аула бар. Олардың басым бөлігі абаттандырылған. Биыл 27 аулада кешенді абаттандыру жұмысы жүргізілді.

Тұрғындардың iKOMEK 109 платформасы арқылы жолдайтын өтініштерін қарау да негізгі бағыттардың бірі болып қала береді.
Тұрғындардың өтініштері негізінде биыл 75 аулада жөндеу және қалпына келтіру жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, балалар ойын және спорт алаңдары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар 12 нысанда қоғамдық кеңістіктер қайта жаңартылып, жаңа орындар ашылды. Бұл жұмыс аумақтардың функционалдығы мен тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ тұрғындардың демалып, уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ауданды көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыс та жалғасып жатыр. Жыл басынан бері мұнда 1 309 ағаш, 12 448 көпжылдық және 194 779 біржылдық гүл, 18 890 сәндік-гүлді бұта отырғызылды. Сонымен қатар 6 000 шаршы метр аумаққа көгал себілді.
Көгалдандыру және абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Жүргізіліп жатқан шаралар Алматы ауданындағы аулалардың, қоғамдық кеңістіктер мен қалалық инфрақұрылым нысандарының жағдайын кезең-кезеңімен жақсартуға, сондай-ақ аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың қалалық инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырған болатын. Қазір елорданың барлық алты ауданында абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді