Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда қызылшаға байланысты шұғыл шаралар енгізілді

Қазақстанда қызылшаға байланысты шұғыл шаралар енгізілді
Фото: pixabay.com

2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова "Қазақстанда қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елде қызылша ауруы бойынша сырқаттанушылық өсіп отыр. 2026 жылдың басынан бері 3 343 жағдай тіркелді, оның ішінде 84,2%-ы (2 816 жағдай) — 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

Жағдайлардың 77,6%-ында (2 594) екпе алмаған балалар ауырған:
  • вакцинациядан бас тарту себебінен – 1 448,
  • медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша – 325,
  • екпе жасына жетпеуіне байланысты – 778,
  • өзге себептермен – 43.
Ауырғандардың 11,9%-ында (398) екпе мәртебесі белгісіз.

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 3 "Қазақстан Республикасында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу шаралары туралы" қаулысы қабылданды.

Құжатта қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундауды кеңейту көзделген:

1) 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар — жағдай тұрақтанғанға дейін;
2) Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес егілмеген 2–5 жас
3) 7–18 жас аралығындағы балалар — толықтыра иммундауы аясында;
4) екпесі жоқ немесе олар туралы деректері жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.

Вакцинация егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімі алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Сондай-ақ балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға қойылатын талаптар күшейтілді. Ұйымдастырылған ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру ұйымдарында қызылша жағдайлары тіркелген кезде егілмеген адамдарды уақытша шеттету қоса алғанда, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жедел түрде қамтамасыз етіледі.

Қаулымен мына жерден танысуға болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті