Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теміржолдағы қауіпті әрекет: көлік полициясы үш азаматты жауапкершілікке тартты

Теміржолдағы қауіпті әрекет: көлік полициясы үш азаматты жауапкершілікке тартты
Фото: polisia.kz

Көлік полициясы теміржол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған үш тұлғаны жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2 қыркүйекте Алматы-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері теміржол көлігіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын өрескел бұзып, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірген үш азаматты ұстады. Құқық бұзушылар дереу полиция бөлмесіне жеткізілді. Тексеру барысында көлік полицейлері ұсталған азаматтардың жеке басын анықтады. Олар Жамбыл және Алматы облыстарының 32–35 жастағы тұрғындары болып шықты. Сонымен қатар Алматы – Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы Алматы-1 станциясынан қозғала бастаған кезде, құқық бұзушылардың қозғалыстағы локомотивтің тұтқаларынан ұстап, оның сатысына секіріп мінуге әрекеттенгендері анықталды.

Тіпті, олар машинист кабинасына бөгде заттар лақтырған. Бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендіктен, машинист шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болған. Пойыздың жоспардан тыс аялдау уақыты 2 минутты құрады. Ұсталған азаматтар алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу және теміржол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Теміржол — қауіпті аймақ. Мұндай құқыққа қайшы әрекеттер заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді