Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақы тазы күні ерекше аталып өтті

Астанада Қазақы тазы күні ерекше аталып өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананың Арбатында алғаш рет Қазақы тазы күніне арналған арнайы іс-шара өтіп, ұлттық ит тұқымы көпшілікке таныстырылды. Іс-шара барысында тұрғындар қазақы тазыларды тамашалап, олардың тарихы, аңшылық қабілеті мен ерекшеліктері туралы білді. Биылдан бастап 3 қыркүйекте атап өтілетін бұл күн қазақы тазыны дәріптеп, ұлттық тұқымды кеңінен танытуға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында қазақы тазылардың иелері тұқымның ерекшелігін, олардың аңшылық қабілетін, жүйріктігі мен төзімділігі туралы айтып берді.

Астана маңындағы Арайлы ауылында тұратын тазы жанашыры әрі тазы өсіруші Аян Досыманов қазақы тазыны баптау үлкен еңбекті қажет ететінін атап өтті. Оның айтуынша, тазының тұқымдық ерекшеліктерін сақтап, бабына келтіру үшін оны үнемі жаттықтырып, жүгіртіп отыру қажет.

«Атадан қалған мұраны жалғастырып келеміз. Тазы – жеті қазынаның бірі. Оның аңға деген қабілеті, жүйріктігі, бітімі мен сабырлылығы – қаннан берілетін қасиет. Қазақы тазылардың асыл тұқымды екенін олардың жамбасынан, тісінен және құлағынан да байқауға болады. Қазір үйімде 10 тазы бар. Жалпы осы уақытқа дейін 30-ға тарта тазы баптадым. Тазыны арнайы жаттықтырып, жүгіртіп, бабына келтіреміз. Күзде, қыста және көктемде көп жүгіртеміз. Ал жаз мезгілінде күйін қалыпқа келтіруге көңіл бөлеміз», – деді Аян Досыманов.

Тазы өсірушінің айтуынша, оның иттері түрлі көрмелер мен жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп келеді. Ол Астана маңында тазыларды баптайтын арнайы үйі бар екенін де айтты. Аңшылыққа үйрету жұмысы тазы бес айға толғаннан кейін басталады.
Қазақы тазыларды халықаралық деңгейде танытуға да ерекше мән беріліп келеді.

Астана қаласындағы «ASYL QAZYNA» ұйымының төрағасы Серік Алтаев ұлттық тұқымның түрлі жарыстардағы жетістіктеріне тоқталды. Оның сөзінше, биыл Көшпенділер ойындарында ұйым атынан үш тазы Қазақстанның намысын қорғап жатыр. Олар жарыста сынға түседі.

«Өзім 15 жасымнан бастап, яғни 1971 жылдан бері тазы асырап келемін. Қазір 14 тазы баптап отырмын. Жаз мезгілінде тазыларды жақсылап дайындап, әлемдік сайыстарға әзірлейміз. Бұған дейінгі Көшпенділер ойындарында да топ жарған қазақы тазыларымыз бар. Қазақы тазы аң аулауда, аңшымен қатар жүруде өзге елдердің тұқымдарынан ерекшеленеді. Биыл Астанада тазылар арасында түрлі жарыстар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Серік Алтаев.

Айта кетейік, қазақы тазы күні алғаш рет биылдан бастап 3 қыркүйекте аталып өтеді. Бұл күннің таңдалуының өзіндік себебі бар. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақы тазысын алдын ала негізде танып, оған №372 тұқым стандартын бекітіп, Қазақстанды оның шыққан елі ретінде көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді