Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте қазақтың жылқы тұқымын жаңғырту және дәріптеу мәселелері талқыланды

Үкіметте қазақтың жылқы тұқымын жаңғырту және дәріптеу мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Қазақстандағы жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институтын дамытудың міндеттері мен стратегиялық бағыттары вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Институттың негізгі стратегиялық мақсаты – жылқы шаруашылығының селекциялық-асыл тұқымға қатысты жұмысын ғылыми-практикалық үйлестірумен қатар, қазақы жылқы тұқымдарының генофондын сақтау әрі жетілдіру. Оған қол жеткізу үшін институт алдында таяу болашақта қажетті қаржыландыру көздерін анықтау, ғылыми және жоғары білікті мамандарды жұмысқа тарту, материалдық-техникалық база құру міндеттері тұр. Институт басшысы Әлібек Базарғалиев атап өткендей, жақын арада еліміздің жетекші жылқы өсірушілері бүкіл Қазақстан бойынша қазақтың асыл тұқымды жылқысына зерттеу жүргізеді, оның қорытындысы бойынша жылқы тұқымдарын жаңғырту жоспары жасалады. Алдын ала есептеулер бойынша қалпына келтіру жұмыстары кемінде бес жылға созылады. Сондай-ақ ауылшаруашылық тәжірибе стансасының негізінде құрылған жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты жылқы шаруашылығын толыққанды, теңдестірілген жеммен қамтамасыз ету үшін қажетті көмекші ретінде бұрынғы өсімдік шаруашылығы қызметінің бір бөлігін қалдырады.

Кеңесте «Қазақ тұлпары» ЖШС-ның жағдайы тыңдалды. Қостанай жылқы тұқымын өсіруге маманданған жылқы зауытында жүзге жетпейтін асыл тұқымды жылқы қалды. Бұл жылқылардың осы тұқымын өсіріп, дәріптеу үшін аздық етеді. Сондай-ақ ат қоралар мен асыл жануарларды күтіп-баптау, өсіру шарттары туралы мәселе де өткір күйінде тұр. Оның барлығы жеке инвестицияларды тарта отырып, жылқы шаруашылығы институтының қазақы жылқы тұқымдарын сақтаудың бірыңғай саясаты шеңберінде шешілетін болады. Қостанайлық жылқы тұқымы мініске берік, жүйрік екенін ескере отырып, болашақта «Қазақ тұлпары» ЖШС базасында ат спорты мектебін ашу жоспарлануда.

Қазақстанда түрлі бағыттағы 13 жылқы тұқымы өсіріледі. Ғалым-селекционерлер тәжірибеші-селекционерлермен бірге қостанай жылқысы (1951 ж.), көшім жылқысы (1976 ж.) және мұғалжар жылқысы (1998 ж.) сияқты етті-сүтті бағытындағы танымал отандық тұқымдарды өсірді. Олар Қазақстанның жергілікті жылқы тұқымдарының құндылығын жақсартады. Жергілікті жылқы тұқымдары өздерінің өнімділік қасиеті бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде. Жыл бойы тебіндеп жайылуы, қатал табиғат жағдайында күтіп-бағуға бейімделуі жөнінен баламасы жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді