Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақтың тазысын кім тірілтеді?

Қазақ тазысы, «жеті қазынаның» бірі тазы тұқымының жойылып кету қаупі туралы мәселе бұрыннан айтылып та, жазылып та жүр. Биыл жыл басында бұл мәселені мүмкіндігінше барлық деңгейде талқылаудан өткізгенен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорда сайтында хабарланғандай, ақыры «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Заң ежелгі қазақы ит тұқымдары — тазы мен төбетке қатысты.

Заңға сәйкес, құзіретті органның мамандандырылған ұйымы жанынан Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады. Орталық қазақы иттердің асыл тұқымды кітабын енгізу мен стандарттатын дайындау мәселелерімен айналысады.

Сонымен қатар, ҚР қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайтумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік тапсырысты орындау үшін стратегиялық серіктестіктер, гранттар мен марапаттарға қатыса алады.

Заң нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет. Бұл соманы бөлу республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты.

Мұндай заңның қабылдануы қағаз жүзінде болса да, үміт сыйлайды, өйткені әзірге тазы тұқымының жағдайы мәз емес: тіпті таза тазылардың саны да белгісіз (кейбір деректер бойынша жүз елуге жуық). Осы ақшы иттерді сақтаумен айналысқан жалғыз адамдар аңшылардың өздері ғана еді.

Жалпы, әрине, Ұлттық орталықтың құрылуы маңызды қадам. Бір маңызды тұсы, Халықаралық кинология федерациясының (Fédération Cynologique Internationale, FCI) классификациясына сәйкес, қазақ тазысы — тазы тұқымына жатады. Яғни, қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалу үшін сыртқы сипаты ғана емес, сонымен қатар нақты аңшылық дағдыларға да ие болуы керек.

FCI мойындаған тазылардың сипаттамаларына қараңыз. Мысалы, орыс тазысы, басқа ерекшеліктермен қатар, олжа іздеуде (баяу жүгіру және түзу қадам) және жемтікті қуу кезінде (қатты жүгіру) белгілі бір жүріс пен жүгірісті сақтау керек. Сонымен қатар басқа да абстрактылы емес мінез-құлық ерекшеліктері болуы керек. Жалпы, тазылар жүгіру жылдамдығы мен тепе-теңдігі, төзімділігі, өзін өзі ұстауы мен мінез-құлқы бағаланады.

Қалыпты күркеде ғалымдардың қатысуымен болса да, генетикалық жағынан толыққанды ит тұқымын өсіруге болады. Тазы немесе өзге де аңшы ит тұқымының басқа қасиеттерін тек аң аулау арқылы ғана дамытуға болады. Тіпті аңшы иттердің сыртқы сипатын да аң ауламай қалыптастыра алмайсыз, өйткені бұл сәндік үй иттері емес, мыңдаған жылдық тарихы бар табиғи аңшы иттер. Сондықтан аңшылардың өздерін, мамандандырылған бірлестіктер мен ұйымдардың тікелей қатысуынсыз бұл тұқымның жандануы мен дамуы, одан ары халықаралық деңгейде мойындалуы қиын.

Тазы тұқымын жаңғырту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бұл міндетке тек мемлекеттік кәсіпорындар мен ведомстволарды ғана емес, сонымен қатар аңшылықпен байланысты және сы салада практикалық түрде бұл тұқымды сақтау және пайдалану тәжірибесі бар қоғамдық ұйымдарды да тарту қажет деген сөз.

Сонымен қатар, тазымен аң аулау, соның ішінде қазақтың дәстүрлі атпен аңға шығуды ұйымдастыру мәселесіне көңіл бөлу керек. Бұл тармақтардың барлығы заңмен бекітілуі керек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді