Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда үш жыл ішінде жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тоннаны құрайтын 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

Қазақстанда үш жыл ішінде жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тоннаны құрайтын 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкөніс және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қоймаларын арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, 2023–2025 жылдарға арналған көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі Кешенді жоспарды іске асырды.

Онда жалпы сыйымдылығы 689,9 мың тоннаны құрайтын 92 жобаны іске асыру көзделген. 2023–2025 жылдардың қорытындысы бойынша 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді, олардың жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тонна.

Былтыр көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жобалары 11 облыс пен Шымкент қаласында іске асырылды.

Одан әрі дамыту мақсатында мемлекет тарапынан инвестициялық қолдау шаралары қарастырылған. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау қағидалары шеңберінде №22 «Сыйымдылығы 1 000 тоннадан басталатын картоп-көкөніс қоймаларын салу, кеңейту» жобасының паспорты қолданылады.

Инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері 25%-дан 40–50%-ға дейін ұлғайтылды. Нысанның жабдықталуына қарай салқындату жабдығы бар жобаларды субсидиялау мөлшері 50%-ға дейін, ал желдету жабдығы бар жобалар үшін 40%-ға дейін белгіленген.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы тарату бағдарламасы шеңберінде көкөніс қоймаларын салуды жеңілдетілген қаржыландыру көзделген.

Жобаларды қаржыландыру сенім білдірілген агент арқылы жылдық 2,5% мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

Жалпы, елімізде сыйымдылығы 2,56 млн тоннаны құрайтын 941 көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Облыстар бойынша нақты мәліметтерге сүйенсек, Павлодар облысында – 591,5 мың, Жамбыл облысында – 375 мың, Қарағанды облысында – 357,8 мың, Түркістан облысында – 184,9 мың , Шымкент қаласында – 130,5 мың, Алматы облысында – 128,2 мың, Маңғыстау облысында – 105,5 мың, Ақмола облысында – 104,8 мың және Солтүстік Қазақстан облысында – 104,8 мың тоннаны құрайды.

Сақтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары өңірлердің қажеттіліктері мен өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ескере отырып, әрі қарай жалғастырылатын болады.Әсіресе, картоп, көкөніс және жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруге маманданған өңірлерге баса назар аударылады.

Қабылданып жатқан шаралар республикада сақтау сыйымдылықтарын ұлғайтуға, өндірілген өнімнің сақталуын қамтамасыз етуге және ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді