Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

АӨК, сауда нысандары және жаңа зауыттар: Астанада салаларды дамыту бойынша қандай жұмыс жүріп жатыр

АӨК, сауда нысандары және жаңа зауыттар: Астанада салаларды дамыту бойынша қандай жұмыс жүріп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығаратын 30-дан астам кәсіпорын бар. 2027 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенінде 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде қаланың агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 3 түрін шығаратын 30-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарында 6 ұн тарту зауыты, 28 наубайхана және бір макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын бар.

«2024 жылы елордада 159 мың тоннадан астам азық-түлік өнімдері өндірілді. Оның ішінде 124,6 мың тонна ұн, 15,5 мың тонна нан және 19,3 мың тонна макарон өнімдері бар», - деді Халел Әкімжанов.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында елордада 1,7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.Оның ішінде дайын және жартылай фабрикат өнімдерін шығаратын зауыттар, сүт өңдеу цехы, көкөніс сақтау қоймасы, астық өңдеу зауыты бар. 2023 жылы Астанада сыйымдылығы 13 мың тонна болатын 2 көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді.2026 жылы елордада инвестициялық жобалардың ішінде жоғарыда айтылған тағы бір көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілмек. Жалпы, қазіргі таңда Астанада 47,5 мың тонна өнімді сақтайтын 8 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.Астанада сауда базарларының жаңа форматқа көшуіне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Осылайша, 2024 жылы елордада «Көктал» базары (Тілендиев даңғылы, 12) пайдалануға берілді.Сонымен қатар, Жол картасы аясында елордада 7 сауда базарын жаңғырту жоспарланған. Базарларды жаңғырту сауда үй-жайларын жаңартуды, жаңа қойма кешендерін салуды және көлік инфрақұрылымын жақсартуды қамтиды.

«Бұл 1000-нан астам жұмыс орнын ашуға және 6 мыңнан астам кәсіпкер үшін сауда жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Базарлар заманауи бақылау-кассалық жүйелермен жабдықталып, тауарларды сақтау жағдайлары жақсарады», - деді қала әкімдігінің басшысы.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты