Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экзитпол нәтижелері: Құрылтайға қанша партия өтті?

Экзитпол нәтижелері: Құрылтайға қанша партия өтті?
Фото: zakon.kz

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы сауалнама нәтижесіне сәйкес, Құрылтайға 5 саяси партия өтуі мүмкін. Бұл деректерді Еуразиялық интеграция институты жариялады.

Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі мынадай:

  • "Әділет" партиясы - 71,80%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5,20%;
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 1%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 3%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,40%;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,10%;
  • Respublica - 5,40%;
  • "Бәріне қарсымын" - 2,10%.


ИКСИ "Социс-А" дерегі бойынша, Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі былай бөлінді:

  • "Әділет" партиясы - 70,7%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,4%;
  • Respublica - 5,5%;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,4%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 3,2%;
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 1,2%;
  • "Бәріне қарсымын" - 2,6%.


Ал Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, дауыс беру нәтижесі мынадай:

  • "Әділет" партиясы - 72,3%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,2%;
  • Respublica - 5,2%;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,1%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 2,8%;
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 0,9%;
  • "Бәріне қарсымын" - 2,5%.


Экзитпол халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандартты әдістеме бойынша сұхбат түрінде жүргізілді. Қатысушыларға "Парламент сайлауында қай партияға дауыс бердіңіз?" деген бір ғана сұрақ қойылды.

Материал толықтырылып жатыр.

Анықтама: Экзитпол - бұл сайлаушылардың дауыс беріп шыққан бойда жүргізілетін сауалнамасы. Әдетте сұхбат алушылар сайлау учаскелерінің маңында тұрып, адамдардан кімге немесе қай партияға дауыс бергенін сұрайды. Қатысу ерікті түрде жүзеге асады. Экзитпол ресми дауыстар толық саналып біткенге дейін сайлаудың ықтимал нәтижесін шамалауға мүмкіндік береді. Алайда оның қорытындысы сайлаудың ресми нәтижесі болып саналмайды және түпкілікті деректерден өзгеше болуы мүмкін.

Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы сайлаушылар дауысының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс.

Сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Ресми нәтиже 30 тамызға дейін белгілі болуға тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді