Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде неше партия тіркелгені белгілі болды

Бүгін Әділет министрлігінде тағы бір саяси партия – Respublica партиясы қоғамдық бірлестігі тіркелді. Сонымен, елімізде ресми түрде тіркелген партиялардың саны жетеу, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kazlenta.kz

Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше, Respublica партиясын тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ "Саяси партиялар туралы" Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болған. Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріліп, тіркеу талаптарына сай деп танылған.
Осыған орай, 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:
Amanat партиясы; "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы; Қазақстан Халық партиясы; "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия"; "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы; Respublica партиясы" қоғамдық бірлестігі. Еске салсақ, бұған дейін Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров өзінің Facebook парақшасында партияның ресми түрде тіркелгенін хабарлаған еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды