Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство жұмысының нәтижесі, азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту барысы және алдағы кезеңге арналған жоспар жөнінде баяндалды.

Президентке Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары таныстырылды. Соңғы екі жылда бөлімшелер 1,4 мыңнан астам техника, авиация, заманауи құтқару жабдықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және байланыс құралдарымен толықтырылды. Бұл еліміздің барлық өңірінің төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. Сонымен қатар министрлікке қарасты бөлімшелерді жаңғырту жұмыстары қолға алынды.

Шыңғыс Әрінов бөлімшелер желісін дамыту мәселесіне тоқталып, жаңа әмбебап құтқару құрылымдары, авиация және теңіз жасақтары құрылғаны жөнінде айтты. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынған. Олар шамамен 700 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Халықты жаппай шұғыл хабардар ету жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып, Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Сондай-ақ табиғи өртті ерте анықтау жүйелері біріктірілуде.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәлімет берілді. Құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері қарастырылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үшін арнайы тұрғын үй кластерін құру жобасы қолға алынды. Аталған бастама өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару базаларының жанында қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешендерін салуды көздейді.

Президент министрліктің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша атқарып жатқан жұмысын оң бағалады.

Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту іс-шараларын жалғастыру, заманауи технологиялар енгізу және өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді