Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ведомствоның атқарған қызметі, салада жүргізілген реформалар және төтенше жағдайдың алдын алу, салдарын жою жөніндегі есепті тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделдікті қамтамасыз ету үшін бірыңғай аумақтық орган құрылғаны және басқарудың артық тармақтары қысқартылғаны туралы баяндалды. Командалық басқару жаңғыртылды, ведомство жұмысына цифрлық технологиялар енгізілді. Атап айтқанда, дрондардың көмегімен онлайн бейнебақылау жүргізуді және ведомствоаралық сервистермен интеграцияны зор жетістік деуге болады. Аталған жаңашылдықтарды қолдану арқылы оқыс оқиғалардың саны – 2,8 пайызға, кісі өлімі – 10,2 пайызға, жарақат алғандардың саны 8,1 пайызға азайды.

Министр жүзеге асырылған инфрақұрылымдық жобалар туралы, соның ішінде Астана қаласында өрт сөндіру депосы мен Атырауда құтқару бекеті салынғанын айтты. Былтыр 14 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілген.

Шыңғыс Әрінов құтқарушылардың жаңа киім үлгісі бекітілгенін, материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстары жалғасып жатқанын, әуе кемелері сатып алынғанын жеткізді. Елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы қолға алынды.

Ықтимал табиғи апаттарға дайындықты пысықтау үшін Алматыда «Алатау» жедел мақсаттағы оңтүстік базасы құрылды. Азаматтарды уақытша орналастыруға арналған үш орын белгіленді. Каспий теңізінің қазақстандық секторында «Теңіз жасағы» бөлімшесі іске қосылды. Бұл құрылым оқыс оқиғаға тап болған адамдар мен кемелерді құтқаруға маманданған. Төтенше жағдай аймағына гуманитарлық жүкті тасымалдаумен айналысатын «Айбат» арнаулы мақсаттағы жасағы құрылды. Барлық өңірде әуе құрылымдарын жасақтау жұмыстары жалғасуда.

Мемлекет басшысына су тасқыны жөнінде ақпарат берілді. Министрдің айтуынша, республика аумағындағы жағдай тұрақты. Қауіп төнген жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін күштер мен техникалар сақадай сай. Сегіз өңірдегі жағдай бақылауда. Ресей және Қырғызстанмен тұрақты түрде ақпарат алмасу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Президент су тасқынына қарсы шараларға баса назар аудару, алдын ала ескерту жүйесін жаңғырту және төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты