Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді

Жамбыл облысында ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде тыйым салынған заттардың мекеме аумағына заңсыз жеткізілуіне жол бермеу бағытында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара мекеменің режим және жедел қызметкерлерінің жедел ақпаратты іске асыру мақсатындағы бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сағат 19:00 шамасында Аскаров көшесі бойындағы №4 және №5 бақылау бекеттері маңында күдік тудырған азамат анықталған. Мекеме қызметкерлерін байқаған азамат қолындағы скотчпен мұқият оралған түйіншекті мекеме аумағына қарай лақтырып, оқиға орнынан бой тасалауға әрекет жасаған. Алайда қырағылық танытып, жедел әрі үйлесімді әрекет еткен мекеме қызметкерлері азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесіп, оны тоқтатқан. Оқиға орнына жүргізілген тексеру барысында аталған түйіншектің ішінен бір дана зарядтау құрылғысы, бір USB сымы және Redmi екі  телефоны анықталып, тәркіленді. Алдын ала тексеру нәтижесінде ұялы телефондардың SIM-картасыз екені және графикалық кілтпен бұғатталғаны анықталды. Алдын ала алынған мәліметтерге сәйкес, тәркіленген заттар №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа арналған. Аталған факті бойынша қажетті материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, тиісті құқық қорғау органдарына хабарланды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтау және олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру мақсатында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасау – қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу болып табылады және кінәлі тұлғалардың заңда көзделген жауапкершілікке тартылуына әкеп соғуы мүмкін. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің белгіленген режим талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтеді. Азаматтарды мекемелердің қорғалатын аумағына телефондар, байланыс құралдары, қуаттағыш құрылғылары және өзге де тыйым салынған заттарды жеткізуге немесе жеткізуге ықпал етуге бағытталған кез келген әрекеттен бас тартуға шақырады. Сонымен қатар ҚАЖ мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, режим талаптарының сақталуын бақылау және тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол бермеу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қауіпсіздігі мен белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді