Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Канье Уэсттің концерті кезінде Орталық стадионға кіру сызбасы жарияланды

Алматыда Канье Уэсттің концерті кезінде Орталық стадионға кіру сызбасы жарияланды
Фото: freedom-travel.kz

Алматыда Канье Уэсттің концертіне келетін көрермендер үшін Орталық стадионға кіру сызбасы жарияланды. Көрермендерге қақпалардың орналасуымен алдын ала танысып, билетте көрсетілген секторды тексеру ұсынылады. Бұл қажетті кіреберісті дұрыс таңдауға және кезекте артық уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрермендерге қолайлы болу үшін стадионға кіретін қақпалар билет санаты мен секторлардың орналасуына қарай бөлінген.

BRONZE санатындағы билеттері бар көрермендер стадионға Сәтбаев көшесі жағынан, №3 кіреберіс арқылы кіреді.
Бұл 1–7, 10–13, 30–60 секторлары.

Келесі секторларда орындары бар көрермендерге Байтұрсынов көшесі жағындағы №1, №2 және №4 қақпаларды пайдалану қажет. 8–9, 14–28 секторлары, GOLD, SILVER және барлық ложалар.

8–9 және 14–28 секторларындағы билеттері бар, сондай-ақ GOLD, SILVER санаттары мен барлық ложаларға арналған билеттердің иелері стадионға Абай даңғылы жағынан, №5 және №6 қақпалар арқылы кіреді.

Орталық стадион аумағына көрермендерді кіргізу сағат 16:00-де басталады. Іс-шараға кешікпей кіру үшін ұйымдастырушылар стадионға келуді соңғы сәтке қалдырмауға және концерт кезінде көшелердегі қозғалыс шектеулері мен жабылу сызбасын ескеруге шақырады.

Концертке жолға шығар алдында билеттегі ақпаратты мұқият тексеріп, билет санатын немесе сектор нөмірін тиісті кіреберіспен сәйкестендіру қажет.

Сондай-ақ басқа кіреберісті пайдаланған жағдайда стадион аумағында өз орнына жетуге қосымша уақыт кетуі мүмкін. Сондықтан көрермендерге сызбада көрсетілген тиісті қақпаға бірден бағыт алу ұсынылады.

Көрермендерден стадион аумағында қауіпсіздік талаптарын сақтап, қызметкерлердің нұсқауларын орындау сұралады.





скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді