Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция «Астана» – «Челси» матчы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты

Полиция «Астана» – «Челси» матчы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты
Фото: Polisia.kz

Алматыда ПД «Астана» – «Челси» матчы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматының Орталық стадионында 12 желтоқсан күні өтетін «Астана» – «Челси» футбол матчы қарсаңында полиция департаменті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Қалалық полиция қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген кезекшілік режиміне көшті.

– Алматы полиция департаменті матч кезінде орталық стадионның аумағында және оған жақын жерлерде тәртіп пен жол қауіпсіздігін қадағалайды. Қала тұрғындары мен қонақтардың назарына 12 желтоқсан күні сағат 18:30-дан 00:00-ге дейін Абай даңғылының (Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін) көлік қозғалысы шектелетіні, ал Сәтбаев көшесінің (Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін) толығымен жабылатыны туралы ескертеміз. Жолдағы тәртіпті сақтау мақсатында жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция бекеттері қойылады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сонымен қатар жанкүйерлерге стадионға ертерек келіп, кептелістерді болдырмау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес беріледі. Футбол ойынына арналған орталық стадионның есігі жанкүйерлер үшін сағат 18:00-де ашылады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты