Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

Президент «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады
Фото: Ақорда

Президент «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы және холдингті дамытудың негізгі бағыттары баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық және кредиттік портфель 14,3 триллион теңгеге жетіп, 16,5 триллион теңгеге дейін артады деп болжанып отырғаны, бұл ретте жыл сайынғы таза пайда көлемі 400 миллиард теңгеден асатыны жөнінде мәлімет берілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің қолдауымен 77,5 мың, соның ішінде кезекте тұрған 11,6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

Өткен жылы 77 ірі жоба мен шағын және орта бизнеске арналған 27,4 мың жоба қаржыландырылып, экспортқа тауар шығаратын 131 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Ауылшаруашылық тауарларын өндіретін 7,2 мың агроқұрылым көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 11,4 мың техниканы лизингке алды.

Басқарма төрағасы жүргізіліп жатқан трансформация мен «Бәйтерек» холдингінің жаңа ұзақмерзімді даму стратегиясы жайында айтты. Жоба активтерді тиімді басқару, әлеуетті бизнеске қолайлы жағдай жасау және халықтың тұрмыс сапасын арттыру шараларына арналған проактивті инвестициялық холдинг моделіне көшуді қарастырады.

Бұдан бөлек, Президентке бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы баяндалды. Жыл соңына дейін Инвестициялық кеңестің қарауына импортты алмастыруға, экспорт пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 26 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету, ұзақмерзімді инвестиция тарту маңызды екенін атап өтіп, шағын және орта бизнесті қолдау тетігін күшейту жөнінде міндет жүктеді. Сонымен қатар азаматтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді