Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады

Мемлекет басшысына холдингтің былтырғы атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы ақпарат берілді. Қанат Шарлапаевтың айтуынша, 2021 жылы 37 ірі жобаға 533,2 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген және 7 жоба іске қосылған. 57,4 мың шағын және орта бизнес субъектісіне 2,2 триллион теңге көлемінде қаржылай көмек берілген. Сонымен қатар отандық тауар экспорттаушыларды қолдау үшін 236,8 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Президентке ұсынылған мәліметтерге сәйкес агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында жалпы құны 464,2 миллиард теңге болатын 26 мыңнан астам қарыз берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы 130 мыңға жуық отбасының баспана сатып алғаны немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқаны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 458 мың салымшы 1,97 триллион теңгеден астам қаржы көлемінде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған.

Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысының «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамын реформалау және оның менеджмент құрамын өзгерту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін пәтер жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігін енгізу жөніндегі холдингтің биылғы жылға арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында жұмыс орындарын ашуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мәселесі де талқыланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады