Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

31,6 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді

31,6 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, Жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Халықпен бірге» жобасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылдың соңына дейін елімізде 34 573 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың 31 673-і бейімделіп, бұл Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген нысандардың жалпы санының 73%-ын құрайды.

Бейімделген нысандар қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету саласының объектілері бар. Бейімдеу жұмыстарын жүргізу барысында мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мекемелермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен өтініштерін ескере отырып, нысандарды қолжетімділіктің заманауи талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен бейімдеуде.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кедергісіз орта қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді