Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағының басым бөлігінде ыстық ауа-райы сақталады, ал ҚР басым бөлігінде жауын-шашын негізінен жергілікті және өткінші сипатқа ие болады, тек солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ пен қатты жел болжанады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Ең жоғары температура оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталық аймақтарда күтіледі, күндіз ауа температурасы +35...+40°C дейін жоғарылайды, ал еліміздің батысында 1 тамыздан бастап ауа-райының өзгеруі басталады, ауа температурасы сәл төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары қалады.