Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы International Congress and Convention Association (ICCA) қауымдастығының жыл сайынғы рейтингінде 10 сатыға жоғары көтерілді. Бұл қаланың конгрестер, конференциялар және өзге де іскерлік іс-шараларды өткізуге қолайлы орталық ретіндегі беделі артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ICCA – іскерлік туризм индустриясындағы жетекші халықаралық коммерциялық емес қауымдастықтардың бірі. Оның құрамына әлемнің 100-ге жуық елінен 1 100-ден астам ұйым кіреді. Ұйымның жыл сайынғы рейтингі MICE-туризмнің даму деңгейін бағалайтын ең беделді халықаралық көрсеткіштердің бірі саналады.

Almaty Tourism Bureau ICCA қауымдастығына үш жылдан бері мүше. Бұл Алматыға халықаралық кәсіби қауымдастықпен, конгресс ұйымдастырушыларымен және саланың жетекші серіктестерімен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ қаланың іскерлік туризмдегі әлеуетін жаһандық деңгейде танытуға мүмкіндік беріп келеді.

«ICCA мүшелігі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылармен тікелей жұмыс істеуге, Алматының мүмкіндіктерін әлемдік алаңдарда таныстыруға және қалаға жаңа конгрестер мен конференциялар тартуға жол ашады. Биылғы рейтингте 10 сатыға жоғарылауымыз Алматының халықаралық MICE нарығындағы позициясының нығайып келе жатқанының айқын дәлелі», – деді Almaty Tourism Bureau туризмді дамыту бөлімінің басшысы Санжар Калешов.

ICCA-ның 2025 жылғы мәліметіне сәйкес, Алматыда өткен халықаралық іс-шараға қатысқан бір делегаттың орташа шығыны 1 210 АҚШ долларына жетті. Бұл сомаға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік және өзге де қызметтерге жұмсалған қаражат кіреді.

Орта есеппен бір халықаралық іс-шара қала экономикасына шамамен 327 мың АҚШ доллары көлемінде экономикалық әсер етеді. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда өткен ICCA іс-шараларының жалпы экономикалық үлесі шамамен 2,94 млн АҚШ долларына жетті.

Бұл көрсеткіштер ICCA-ның іс-шараға қатысушылардың тікелей шығыны мен олардың қабылдаушы қала экономикасына қосатын үлесін ескеретін ресми әдістемесі негізінде есептелген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді