Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов халықаралық Warwick Hotels & Resorts қонақ үй компаниясының вице-президенті Себастьен Сьюспен және iHolding делегациясымен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Warwick Hotels & Resorts — штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан халықаралық қонақ үй операторы, әлемнің жетекші туристік және іскерлік орталықтарында премиум санаттағы қонақ үйлерді басқарады. Компания Қазақстан мен Алматыны туризм және қонақжайлылық саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін болашағы зор бағыт ретінде қарастыруда.

Кездесу барысында қаланың туристік және іскерлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Инвестор жобаны жүзеге асыруға және Алматы аумағындағы болашақ инвестициялық бастамаларға қатысуға қызығушылық танытатынын растады.

Жобаны жүзеге асыру қаланың қонақ үй нөмірлік қорын ұлғайтуға, бес жұлдызды қонақ үйлер сегментін кеңейтуге, қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға және Алматының іскерлік әрі оқиғалық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалануға берілетін 7 763 бөлмеге арналған 70 қонақ үй құрылысы жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл қаланың қонақ үй инфрақұрылымының жүйелі дамуына ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді