Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Лондон жұртшылығын тәнті етті

Алматы Лондон жұртшылығын тәнті етті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы 4-6 қараша аралығында ExCeL London кешенінде өткен World Travel Market (WTM) London 2025 халықаралық туристік көрмесінде Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды. Бұл туризм индустриясындағы ең ірі оқиғалардың бірі, онда жыл сайын түрлі ел мен компания өкілдері бас қосады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматының көрмеге қатысуы қаланы Орталық Азияның заманауи, қауіпсіз әрі шабыт беретін туристік бағыты ретінде танытуға бағытталды. Қала өзін Іле Алатау тау сілемдеріне бастайтын қақпа ғана емес, мәдениет, гастрономия және оқиғалық туризм орталығы ретінде көрсетуді көздейді.

2025 жылы Алматыға қызығушылық арта түсті: алғашқы алты айда қалаға 1,14 миллионнан астам турист келген. Оның ішінде 320 мыңнан көбі – шетелдік қонақтар. Әсіресе, Ұлыбританиядан келушілер саны 16%-дан астам өсті.

«WTM London – Алматыны әлемге жаңа қырынан шығыс дәстүрі мен мегаполис ырғағы тоғысқан қала ретінде таныстыруға мүмкіндік береді. Біз Алматының жылылық, табиғат және шабыт символына айналғанын қалаймыз», – деді қаланың Туризм басқармасы.

Алматының көрме стендінде қонақтар қала мәдениеті мен рухын сезінді: домбыра мен қобыздың әуені шырқалып, қазақ батырлары өнер көрсетті, қонақтар қазы, бауырсақ, жент және қымыз сияқты ұлттық тағамдардың дәмін татты.

Сонымен қатар көрме халықаралық туроператорлармен, әуе компаниялармен және медиа өкілдерімен жаңа іскерлік байланыс орнатуға арналған алаң болды. Әсіресе, тұрақты туризмге және MICE-туризмге (іскерлік іс-шаралар туризмі) дамытуға, сондай-ақ Алматыны саяхатшылар үшін барынша жайлы ететін инфрақұрылымдық жобаларға баса назар аударылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті