Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы – Измир: 31 шілдеден бастап тікелей әуе рейсі ашылады

Алматы – Измир: 31 шілдеден бастап тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

31 шілдеден бастап Алматы мен Измир қаласы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. SunExpress әуе компаниясы ашқан жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланысты одан әрі нығайтып, қаланың халықаралық әуе желісін кеңейтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Измир – Түркияның ірі туристік және экономикалық орталықтарының бірі, сондай-ақ Эгей теңізі жағалауының басты әуе қақпасы. Жаңа рейс екі қала арасындағы қатынасты жеңілдетіп, туристер легінің артуына ықпал етеді.

Рейстер 2026 жылдың қазан айының соңына дейін аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737-800 ұшағымен орындалады. Ұшақ Измирден сағат 21:00-де ұшып, келесі күні 05:00-де Алматыға қонады. Кері бағыттағы рейстер сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады: Алматыдан ұшу – 06:25, Измирге келу – 09:50.

Халықаралық әуе бағыттарын көбейту Алматының туристік әлеуетін арттырудағы басым бағыттардың бірі. Жаңа рейс қаланың көлік қолжетімділігін жақсартып қана қоймай, Алматының Орталық Азиядағы жетекші туристік әрі авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайта түседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді