Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қарау аяқталды

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қарау аяқталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қарауды қорытындылады. Өтінімдер 1-15 маусым аралығында kezekte.kz порталы арқылы қабылданып, бағдарламаға қатысу үшін барлығы 5 363 өтінім түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжаттарды қарау барысында кейбір қатысушылардың өтінім беру кезінде қызмет саласын қате көрсеткені анықталды. Бұл техникалық сипаттағы қателік болғандықтан, олардың бағдарламаға қатысуына кедергі келтірген жоқ.

Құжаттарды тексеру нәтижесінде 3 968 өтінім мақұлданды. Биыл бағдарлама аясында кемінде 1 650 тұрғын үй несиесін беру жоспарланған. Дәл осы мөлшердегі қатысушылар төлем қабілеттілігін растау үшін «Отбасы банк» АҚ-на жолдама алады. Кезектің алдын алу мақсатында жолдамалар кезең-кезеңімен апта сайын 550 қатысушыға беріледі.

Төлем қабілеттілігі расталғаннан кейін қатысушыларға 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама тұрғын үй нарығынан баспана таңдап, 20 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй несиесін рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.

Егер кейбір қатысушылар төлем қабілеттілігін растай алмаса немесе белгіленген мерзімде тұрғын үй таңдап үлгермесе, жолдама беру кезегі оң қорытынды алған келесі үміткерлерге өтеді. Бұл бағдарламаға бөлінген қаражаттың толық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етеді.

Құжаттарды қарау нәтижесінде 1 395 өтініш берушінің құжаттары бағдарлама талаптарына сәйкес келмеді. Бұған олардың жеке меншігінде тұрғын үйінің болуы, соңғы бес жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығаруы немесе соңғы алты айда міндетті зейнетақы жарналарының аударылмауы себеп болды.

Өтінімі мақұлданған және өтінімі мақұлданбаған үміткерлердің тізімі kezekte.kz порталындағы ALMATY JASTARY сервисінің «Тұрғын үй қызметтері» бөлімінде жарияланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді