Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Елорда жастары»: тұрғын үй бағдарламасы жастарға баспананы тиімді шарттармен сатып алуға септігін тигізеді

«Елорда жастары»: тұрғын үй бағдарламасы жастарға баспананы тиімді шарттармен сатып алуға септігін тигізеді

Елордада жастардың баспана алуына көмектесетін «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Астаналық Қуандық Базар баспана алу жолын жария етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қуандық бұл бағдарлама туралы елордалық Тұрғын үй қорынан білген. Бағдарламаға өтінім беруден бастап, өз пәтеріне қоныстануға дейінгі бүкіл процесс екі айдан аспаған.

«Алдымен құжаттарымыз тексеруден өтіп, Отбасы банкінен мақұлдау алдым. Содан кейін пәтер таңдап, серіктес банк арқылы ипотека рәсімдедім. Ең бастысы – барлық құжатты алдын ала дайындап, мерзімдерді мұқият қадағалау», – деді астаналық тұрғын.Ол бағдарлама бойынша өтінім беруді жоспарлап жүргендерге бірнеше пайдалы кеңес айтты.«Барлық құжатты алдын ала жинап, бағдарламаның шарттарын мұқият оқуға кеңес беремін. Сонымен қатар жаңалықтарды бақылап, өтінім беру сәтін жіберіп алмау маңызды. Әрине, жылдам шешім қабылдауға дайын болу керек, себебі жақсы пәтерлер тез өтіп кетеді», — деп кеңес берді қала тұрғыны.

Айта кетейік, «Елорда жастары» бағдарламасы 34 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген несиелеу мүмкіндігін ұсынады. Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 20 млн теңге, жылдық мөлшерлеме – 5%, бастапқы жарна – 10%. Баспананы бастапқы немесе нарықтан сатып алуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі