Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады

Алматыда «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй несиесін ұсынатын «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау биыл 1-15 маусым аралығында өтеді. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтінімді kezekte.kz порталындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінде орналасқан «Almaty Jastary» сервисі арқылы 1 маусым сағат 09:00-ден 15 маусым сағат 18:00-ге дейін жолдауға болады. Жүйеге кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Бағдарлама аясында қатысушыларға мынадай шарттар ұсынылады:
— несие көлемі 20 миллион теңгеге дейін;
— жылдық мөлшерлеме — 5%;
— бастапқы жарна — 10%;
— бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Жобаға Алматы қаласында тұратын 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
— Алматы қаласында кемінде бір жыл тұрақты тіркеуде болу;
— соңғы бес жылда үміткердің және оның отбасы мүшелерінің атында тұрғын үйдің болмауы;
— Алматыда кемінде алты ай ресми жұмыс өтілі мен міндетті зейнетақы аударымдарының болуы.

Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларының қызметкерлеріне, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандарына, журналистерге, әлеуметтік сала өкілдеріне, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларына арналған.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты kezekte.kz сайтындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінен табуға болады. Байланыс телефоны: +7 (727) 225-14-57.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді