Мамырдың 15-і мен 31-і аралығында "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қолжетімді баспана алуға жастардан құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімдігі 15-31 мамыр аралығында Алматының 35 жасқа дейінгі және осы жасқа толғандардан "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй займдарын алуға өтінім мен құжат қабылдау басталатынын мәлімдеді.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Сайтта авторизациялау электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.
"Алматы жастары" бағдарлама аясында несие беру шарттары
- Займның ең жоғары сомасы– 18 млн теңгеге дейін;
- пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- бастапқы жарна – 10%;
- бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;
- қамту– 1 100 адамнан кем емес.
Қатысу үшін негізгі талаптар:
- Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда),өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
- Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы.
- Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері.
Толық ақпарат www.almaty-zhastary.kz сайтында орналастырылған.
Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57 (Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы).
Әкімдіктің хабарлауынша, жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін бағдарлама аясында қосымша қаржы бөлінді және лимит 100 займға ұлғайтылды: мұғалімдерге – 50, дәрігерлерге – 50.