«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау қорытындыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылы 14-26 наурыз аралығында бағдарлама аясында 6626 өтінім қабылданды. Ең көп өтінім білім беру (2191), денсаулық сақтау (1381) саласы қызметкерлері мен жұмыс істейтін жастардан (881) түскен.3412 қатысушы оң шешім алды. Қосымша 1153 адам резервке енгізілді.3214 өтініш қабылданбады, бұған көбінесе жұмыс орнының сәйкес келмеуі, меншігінде тұрғын үйдің болуы, анықтамалардың немесе зейнетақы аударымдарының болмауы себеп болған.Биыл тұрғын үй сатып алуға кемінде 2550 несие беру жоспарланған, оның ішінде 1050 несие «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларына арналған.Квота былай бөлінген: білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне кемінде 350 несие, республикалық ұйымдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне – 5%-ға дейін.