Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды

Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі шаралар қабылданып келеді. Өсімдіктерге мониторинг жүргізу және қорғаудың заманауи тәсілдерін енгізу, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар нәтижесінде елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толық аяқталды. Соңғы екі жылда фитосанитариялық қызметті кезең-кезеңімен жаңғырту, заманауи мониторинг технологияларын енгізу және қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру нәтижесінде химиялық өңдеу жүргізілген алқап көлемі 3,1 млн гектардан 1,8 млн гектарға дейін қысқарып, 42%-ға азайды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануына жол берілген жоқ.

Қол жеткізілген нәтижелер зиянкестердің жаппай таралуына ден қою тәсілінен қауіп-қатерді ерте анықтау, ошақтарды жедел оқшаулауға және фитосанитариялық тәуекелдерді алдын алуға негізделген заманауи басқару жүйесіне көшуге мүмкіндік береді.

Биыл химиялық өңдеу жұмыстары агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде 1,8 млн гектар алқапта жүргізілді. Барлық іс-шаралар Үкіметтің фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде қолға алынды.

Реформалаудың басым бағыттарының бірі – өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізуден бастап, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге дейінгі барлық кезеңді қамтитын сатып алудың бірыңғай кешенді форматына көшу. Бұл түпкілікті нәтижеге жауапкершілікті нақты бір мердігерге жүктеуге, қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру сапасын арттыруға және олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сонымен бірге айтарлықтай экономикалық нәтижеге қол жеткізілді. 2026 жылы бюджет шығыстары 2 млрд теңгеге немесе 2024 жылмен салыстырғанда 25%-ға қысқарды.

Саланы жаңғыртудың тағы бір маңызды қадамы – цифрлық трансформациялау. Ауыл шаруашылығы министрлігі нақты уақыт режимінде фитосанитариялық ахуалды бақылауды, фитосанитариялық зерттеу нәтижелерін цифрлық форматта тіркеуді, зиянкестердің таралу ошақтарын бақылауды және жедел басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін FITOCENTRE геоақпараттық жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізді.

Сонымен қатар материалдық-техникалық база айтарлықтай жаңартылды. Мониторинг жүргізу және химиялық өңдеу жұмыстарын орындау үшін, оның ішінде жетуі қиын аумақтарда пайдаланылатын 103 пилотсыз ұшу аппараты сатып алынды. Бүрку техникасының саны 427-ден 556 бірлікке дейін ұлғайтылып, қорғаныс іс-шараларын жүргізудің жеделдігі едәуір артты.

Қабылданған шешімдер нәтижесі тиімділігін толықтай дәлелдеді. Химиялық өңдеу алаңының 42%-ға қысқаруы зиянкестердің таралу ошақтары ерте кезеңде анықталып, уақтылы оқшауланатынын көрсетеді. Соның нәтижесінде қорғаныс шаралары неғұрлым нысаналы жүргізіліп, шығындар азайып, мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі артты.

Фитосанитариялық қауіпсіздікті одан әрі нығайту жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

Қазіргі уақытта шекара маңындағы аумақтардағы фитосанитариялық жағдай тұрақты. Шегіртке зиянкестерінің көшу жағдайлары тіркелген жоқ. Барлық қажетті техника шекара маңындағы аумақтарға шоғырланған және қорғаныс іс-шараларын жедел жүргізуге дайын.

Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитариялық ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізіп, жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді