Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында Өзбекстан азаматы 105 малды ұрлаған

Алматы облысында 105 малды ұрлаған күдікті ұсталды. Ол 78 малды сатып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


«25 қазанда Жамбыл ауданы полициясының кезекші бөліміне Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны арызданып, 22 қазан күні түнде жайылымнан 105 бас қойы ұрланғанын айтты.


Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған шаруа қожалықта малшы болып жұмыс істеген Өзбекстан азаматы күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Күдікті сеніп тапсырылған 80 бас малды жүк көліктерін жалдап, көршілес Жамбыл облысының Шу қаласындағы мал базарында 78 басын 3 276 000 теңгеге саудалағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұрланған 25 бас қой табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат бұлтартпас дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады»,- деді Жамбыл аудандық ПБ бастығы Асхат Данияр.


Табылған мал заңды иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды