Алматыда заманауи кітапханалар желісін дамыту жұмыстары жалғасуда. Тамыз айының соңына дейін Құлагер, Жас Қанат және Ақсай шағынаудандарында жаңа кітапханалар ашылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстар Алматыны дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған. Жыл соңына дейін Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында да жаңа кітапханалар пайдалануға беріледі.
Қазіргі таңда қалалық кітапхана жүйесіне 30 филиал кіреді. Олардың басым бөлігі жаңғыртылған, ал жетеуі тәулік бойы жұмыс істейді.