Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Отбасы Time» фестивалі аясында Trend Up Fest өтті

Астанада «Отбасы Time» фестивалі аясында Trend Up Fest өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы «Жетісу» саябағында қалалық «Отбасы Time» фестивалі аясында Trend Up Fest өтті. Жазғы фестиваль жастарды, отбасыларды және белсенді демалысты ұнататын қала тұрғындарын бір алаңға жинап, музыка, шығармашылық және цифрлық трендтерді біріктірген ерекше мәдени іс-шараға айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль аясында шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарламаларын ұсынып, көрермендер үшін интерактивті ойындар, түрлі байқаулар мен сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында келушілер бірнеше тақырыптық аймақта уақыттарын тиімді өткізді. Cyber Zone алаңында Counter-Strike 2 турнирі мен киберспорттық белсенділіктер ұйымдастырылса, Chill Zone демалысқа қолайлы кеңістік ұсынды. Craft Games Zone шығармашылық және үстел ойындарын қамтыса, Photo Zone келушілердің естелік суреттер түсіруіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ Eco Zone экологиялық мәдениетті насихаттайтын интерактивтерді қамтыды. Белсенді қатысушылар Prize Counter аймағында ұйымдастырылған сыйлықтар ұтысына қатысты.

«Фестиваль өте жақсы ұйымдастырылды. Балаларымыз түрлі ойындарға қатысып, өздеріне қызықты алаңдарды аралады. Әсіресе шығармашылық аймақтар мен интерактивті бағдарламалар ұнады. Осындай отбасылық іс-шаралардың жиі өткенін қалаймыз», – дейді қала тұрғыны Ақерке Қанатова.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Trend Up Fest заманауи цифрлық мәдениет пен шығармашылық бастамаларды дәріптеп қана қоймай, тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуге және отбасылық демалыс мәдениетін дамытуға бағытталды.

Айта кетейік, «Отбасы Time» – Астанада жүзеге асырылып жатқан қалалық отбасылық фестиваль. Жоба отбасылық құндылықтарды нығайтуға, тұрғындардың белсенді демалысын ұйымдастыруға және шығармашылықты, музыканы, спорт пен заманауи цифрлық трендтерді бір алаңда тоғыстыруға бағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді