Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның серіктес Аризона штатымен ынтымақтастығы кеңеюде

Қазақстанның серіктес Аризона штатымен ынтымақтастығы кеңеюде
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев ҚР-дың АҚШ-тағы Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холлманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында білім беру, экономика, инвестиция салаларындағы қазақ-америкалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның серіктес Аризона штатымен кең ауқымды бағыттар бойынша дәйекті түрде дамып келе жатқан өңіраралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Екі ел арасындағы академиялық өзара іс-қимылдың жарқын үлгісіне айналған Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона Университеті арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бірлескен білім беру бағдарламаларымен 1 200-ден астам студент қамтылғаны, сондай-ақ ү.ж. 11 шілдеде қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектерін бітіру рәсімі өтетіні аталып өтті.

Бұдан басқа, тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар салаларына инвестицияларды тарту, сондай-ақ Қазақстан мен Аризона штаты арасында өзара іскерлік миссиялар ұйымдастыру перспективаларын талқылады.

Аризона штаты жоғары технологиялар, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және білім беру салалары қарқынды дамыған АҚШ-тың жетекші экономикалық әрі инновациялық орталықтарының бірі болып табылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді