Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам көрермен жиналды

Астанадағы Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам көрермен жиналды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана күніне орай өткен ауқымды Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам тұрғын мен қала қонағы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік концерттер бір мезгілде екі ірі алаңда – «Астана Арена» стадионының аумағында және «Қазақ елі» монументі алаңында ұйымдастырылды.

«Астана Арена» маңындағы мерекелік бағдарлама күндіз қолөнершілер жәрмеңкесі, фуд-корт, отбасылық және балаларға арналған ойын-сауық алаңдарының жұмысымен басталды.

Кештің ең әсерлі сәті жасанды интеллект элементтері мен заманауи цифрлық технологиялар қолданылған Open Air концерті болды.

Сахнада «Формат» тобы, Маржан Арапбаева, Raim, Ерке Есмахан, Әлішер Кәрімов, BAYANSULU, Alem, Bellucci, Yenlik, Abik Jeksen және Қайрат Нұртас өнер көрсетті. Концертті Линара Есен мен Дарын Олжабай жүргізсе, бағдарламадағы ерекше жаңалықтардың бірі жасанды интеллект көмегімен жасалған цифрлық жүргізуші Батыржан Тазабеков болды.


Дәл осындай мерекелік көңіл күй «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда да орнады. Мұнда «МузАрт» тобы, Маржан Арапбаева, Айқын Төлепберген, Ерке Есмахан, Raim, Kalifarniya, BAYANSULU, Yenlik, Қазыбек Құрайыш, Қуандық Амандық, DOS, Абзал Өтешов, Didar және JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP көрерменге ән тарту етті.

Заманауи мультимедиялық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі визуалды эффектілер концерттің көркемдік шешімін айшықтай түсті.

Open Air концерттері Астана күні мерекесінің ең ауқымды шараларының біріне айналып, әртүрлі жастағы ондаған мың көрерменнің басын қосты.

«Маған бәрінің бірге ән айтып, көңілді болғаны қатты ұнады. Осындай концерттер жиі ұйымдастырылса екен», – деді жас көрермен Арман.

Ал елорда қонақтарының бірі мұндай ауқымды концерттердің көпшілік үшін тегін ұйымдастырылғанына ризашылығын білдіріп, іс-шараның жоғары деңгейде өтіп, ерекше мерекелік атмосфера сыйлағанын айтты. Оның сөзінше, бұл күн көпшіліктің жадында ұзақ сақталмақ.

Айта кетейік, Астана күніне орай елордада таңғы уақыттан бастап концерттер, фестивальдер, спорттық жарыстар, көрмелер, отбасылық іс-шаралар мен түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Күні бойы жалғасқан мерекелік шаралар ауқымды Open Air концерттерімен түйінделді.

 

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді